jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    "Төрешілерге наразы": қазақ боксшысы Азия чемпионатының марапаттау рәсіміне шықпай қойды (видео)

    Боксшы Дулат Бекбауов
    Боксшы Дулат Бекбауов. Фото: olympic.kz

    Таиландта өтіп жатқан Азия чемпионатында күміс жүлде еншілеген қазақ боксшысы Дулат Бекбауов марапаттау рәсіміне шығудан бас тартты. Мұның себебін бокс федерациясының баспасөз хатшысы түсіндірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Дулат Бекбауов 67 кг салмақ дәрежесіндегі финалда өзбек боксшысы Мужибилло Тұрсыновпен кездескен еді. Бұл жекпе-жекте төрешілер жеңісті Өзбекстан спортшысына берді.

    Кейін жеңімпаздар мен жүлдегерлерді марапаттау рәсіміне Дулат Бекбауов қатысқан жоқ. KAZ.NUR.KZ тілшісі мұның себебін бокс федерациясының баспасөз хатшысынан сұрады.

    "Дулат ақтық сындағы төрешілер шешімімен келіспейді. Сол себепті марапаттау рәсіміне шығудан бас тартқан", - делінген жауапта.

    Айта кетейік, 29 жастағы Дулат Бекбауов осымен екінші рет Азия біріншілігінің күміс жүлдесін иеленіп отыр. Ол 2022 жылы Амман қаласындағы финалда Таиланд боксшысынан жеңілген еді. Сондай-ақ Бекбауов – 2023 жылғы әлем чемпионатының күміс жүлдегері.

    "Төрешілерге наразы": қазақ боксшысы Азия чемпионатының марапаттау рәсіміне шықпай қойды (видео)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.