jitsu gif
Спорт

    "Астана" – "Челси" арасындағы матчқа байланысты кей көшеде көлік қозғалысы шектеледі

    "Астана" футбол клубы
    "Астана" футбол клубы. Фото: Goran Stanzl/Pixsell/MB Media/Getty Images

    Алматыда бүгін, 12 желтоқсанда өтетін "Астана" – "Челси" матчының өтуіне байланысты көлік қозғалысы шектеледі. Бұл туралы қала әкімдігі Telegram-дағы арнасында хабарлады.

    Бүгін қазақстандық және ағылшын командасы арасындағы кездесу аясында стадион маңындағы көшелерде көлік қозғалысы шектеледі.

    Шектеу 18:30-дан 00:00-ге дейін күшінде болады.

    Жабылатын учаскелер:

    • Абай даңғылы: Байтұрсынов көшесінен Мұқанов көшесіне дейін.
    • Сәтбаев көшесі: Байтұрсынов көшесінен Байзақов көшесіне дейін толықтай жабылады.

    Ал жақын маңдағы көшелерде патрульдік полиция нарядтары қойылады.

    "Құрметті автокөлік жүргізушілері мен қала тұрғындары! Уақытша қолайсыздыққа түсіністікпен қарап, бағыттарыңызды алдын ала жоспарлауларыңызды сұраймыз. Түсіністік танытқандарыңыз үшін рақмет!", - делінген хабарда.

    "Астана" – "Челси" арасындағы матчқа байланысты кей көшеде көлік қозғалысы шектеледі

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.