jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Астана" баскетбол клубы ВТБ лигасындағы жеңіліс сериясын 19 матчқа дейін жеткізді

    "Астана" баскетбол клубы
    "Астана" баскетбол клубы. Фото: pbcastana.kz

    Елордалық "Астана" баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасындағы жеңіліс сериясын 19 матчқа дейін жеткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Елордалық "Астана" баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасы аясында сырт алаңда Санкт-Петербургтің "Зенит" командасына қарсы ойын өткізді.

    "Зенит" командасы 96:59 есебімен жеңіске жетіп, барлық төрт ширекте де басымдық танытты. Алаңдағы ең нәтижелі ойыншы "Зениттің" ресейлік қорғаушысы Денис Захаров болды, ол 17 ұпай жинады. Ал "Астана" сапында өнер көрсететін ресейлік Данила Походяев пен америкалық Галин Смит 12 ұпайдан еншіледі.

    Айта кетейік, "Астана" ВТБ Бірыңғай лигасының осы маусымындағы барлық 19 матчында жеңілді. Команда турнир кестесінің соңғы 12-орнында тұр.

    Ал "Зенит" қосымша көрсеткіштер бойынша мәскеулік ЦСКА командасына жол беріп, 2-орында келеді.

    "Астана" баскетбол клубы ВТБ лигасындағы жеңіліс сериясын 19 матчқа дейін жеткізді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.