Алматы Орталық стадионының басқарушысы қызметінен шеттетілді
Опубликовано:
Алматы Орталық стадионының басқарушысы қызметінен шеттетілді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қаланың спорттық нысандары дирекциясына сілтеме жасап хабарлайды.
"Алматы Орталық стадионының батыс секторындағы алты қатардың (Орталық стадиондағы жалпы орын санының 2,7%-ы) арасындағы қардың уақытылы тазаланбауынан туындаған қолайсыздықтар үшін жанкүйерлерден кешірім сұраймыз", - делінген хабарда.
Ведомство ақпаратынша, алдағы уақытта осындай оқиғалардың алдын алу мақсатында тексеріс жүргізіледі.
Ал "Орталық стадион" нысанының басқарушысы Бауыржан Жұмажанов қызметінен шеттетілді.
"Жанкүйерлердің жайлылығы біз үшін аса маңызды, әсіресе, осындай маңызды матчтарда. Болашақта мұндай жағдайлардың қайталанбауы үшін бар күшімізді саламыз", - делінген хабарда.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2199869-almaty-ortalyq-stadionynyng-basqarushysy-qyzmetinen-bosatyldy/