jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    "Астана" мен "Челси" матчынан кейінгі тегін тасымал: Алматы әкімдігі жанкүйерлерге үндеу жасады

    Қоғамдық көлік
    Автобус салоны. Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

    "Астана" мен "Челси" арасында өткен матчтан кейін жанкүйерлер тегін автобустармен қайта алады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ қала әкімдігіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Қала әкімдігі жанкүйерлерге ыңғайлы болу үшін 8 тегін автобус бағытын ұйымдастырды, әр бағытта 10 автобус жүреді. Маршруттар Орталық стадионға дейін және кері қайтады.

    Жиналу нүктелерін 2GIS сервисі арқылы көруге болады:

    • Қалқаман шағын ауданы (№7 Қалалық аурухана аялдамасы) – Орталық стадион.
    • Орбита шағын ауданы (Мұстафин-Торайғыров көшелерінің қиылысы) – Орталық стадион.
    • Айнабұлақ шағын ауданы (Мақатаев-Павлодар көшелерінің қиылысы) – Орталық стадион.
    • "Халық Арена" аялдамасы (солтүстік бағыт) – Орталық стадион.
    • Алматы-1 теміржол вокзалы аялдамасы – Орталық стадион.
    • Райымбек батыр" метро бекеті – Орталық стадион.
    • Наурызбай ауданының ХҚКО – Орталық стадион.
    • Момышұлы-Мөңке би көшелерінің қиылысы аялдамасы – Орталық стадион.

    Автобустар сағат 16:00-ден бастап толғанына қарай жүре бастайды.

    "Астана" мен "Челси" матчынан кейінгі тегін тасымал: Алматы әкімдігі жанкүйерлерге үндеу жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.