jitsu gif
Спорт

    "Шынымен тістеді": Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионатында болған келеңсіз жағдай туралы айтты

    Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов
    Қазақстандық боксшы Абылайхан Жүсіпов. Фото: t.me/olimpicgames_Kazteamfan

    Бокстан Таиландтың Чиангмай қаласында өткен Азия чемпионатындағы даулы мәселеден кейін алтын медалін еншілеген Абылайхан Жүсіпов финалдық жекпе-жекте болған жағдай туралы айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    11 желтоқсанда Азия чемпионатының 71 кг дейінгі салмақ дәрежесіндегі финалдық бәсекеде қазақстандық Абылайхан Жүсіпов пен өзбекстандық Хавасбек Асадуллаев кездескен еді. Кездесудің нәтижесінде жеңіс өзбекстандық боксшының еншісінде қалған болатын.

    Алайда Қазақстан бокс федерациясы осы жекпе-жек бойынша IBA және ASBC ұйымдарына наразылық хат жолдады. Ресми хабарламада Абылайхан Жүсіпов пен Хавасбек Асадуллаев жекпе жегінде өзбекстандық боксшы тарапынан спорттық ереже өрескел түрде бұзылғаны айтылған.

    Нәтижесінде IBA және ASBC ұйымдары осы салмақтағы финалдық кездесуді қайта қарап, 71 кг салмақ дәрежесінде Абылайхан Жүсіповті Азия чемпионы деп таныды, ал өзбекстандық боксшы белгілі мерзімге жарыстардан шеттетіледі.

    Осы орайда KAZ.NUR.KZ тілшісі боксшы Абылайхан Жүсіповтен осы мәселенің мән-жайын сұрады.

    "Иә, шынымен тістеді. Қатты сезілді, бірақ жекпе-жектің буымен тез ұмытылды. Бұл мәселені федерация тарапы бірден бәрін өз қолына алып, фотоға түсіріп, шағым жазды. Бүгін солардың арқасында жеңісті қайтып берді. Осы орайда Қазақстан бокс федерациясының басшысы Шахмұрат Мүтәліпке алғысым шексіз", - деді Абылайхан Жүсіпов.

    Айта кетейік, Қазақстан ерлер құрамасы бұл Азия чемпионатында 5 алтын, 4 күміс, 1 қола жүлде еншіледі. Махмұд Сабырхан (54 кг), Абылайхан Жүсіпов (71 кг), Бекзат Нұрдәулетов (86 кг), Сағындық Тоғамбай (92 кг), Айбек Оралбай (+92 кг) чемпион атанды. Санжар Тәшкенбай (48 кг), Оразбек Асылқұлов (57 кг), Дулат Бекбауов (67 кг) Диас Молжігітов (75 кг) күміс медаль иеленсе Ерасыл Жақпеков (80 кг) қола медальді қанжығасына байлады.

    "Шынымен тістеді": Абылайхан Жүсіпов Азия чемпионатында болған келеңсіз жағдай туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.