Спорт

Зектілері

Ауыр атлетикадан әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына екінші алтын медаль түсті

Жарияланған күні:

Ауыр атлет Артем Антропов
Ауыр атлет Артем Антропов. Фото: olympic.kz

Қазақстандық ауыр атлет Артем Антропов Манамадағы (Бахрейн) әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық Олимпиадалық комитеттің ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Артем Антропов 102 килограмм салмақ дәрежесінде топ жарды. Ол қоссайыс қорытындысы бойынша 400 килограммды (170+230) еңсерді.

Екінші орынға Катар спортшысы Ибрахим Фарес Эльбах (399 кг) жайғасса, үздік үштікті испаниялық Маркос Руис Веласко (395 кг) түйіндеді.

Осылайша Артем Антропов ел қоржынына әлем чемпионатының екінші алтынын салды. Бұған дейін Нұрғиса Әділетұлы 96 кг салмақ дәрежесінде чемпион атанған еді. Сондай-ақ Алексей Чуркин (81 кг) күміс медаль еншіледі.

Еске салайық, 11 желтоқсанда Қазақстан ауыр атлетика федерациясының басшысы ауысты. Жанат Түсіпбеков өз қызметін мерзімінен бұрын тоқтататынын мәлімдегеннен кейін федерация президенті болып Гаджи Гаджиев сайланған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2200490-auyr-atletikadan-alem-chempionatynda-qazaqstan-qorzhynyna-ekinshi-altyn-medal-tusti/