jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    "Баланы да қарайды, тамақты да істейді": қазақ каратэшісі ата-енесінің қалай қолдау көрсететінін айтты

    Мөлдір Жаңбырбай Олимпиада қарсаңында жеке бапкерінің өмірден өткенін айтты
    Мөлдір Жаңбырбай. Фото: olympic.kz

    Қазақстандық каратэші Мөлдір Жаңбырбай үй шаруасына, бала тәрбесіне қатысты ата-енесінің қалай қолдау көрсететінін айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ "Бірінші бол" сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Бара жатқан елдің климатына байланысты баланы алып бару-бармау жағын шешеміз. Жарысқа жалғыз барсам өзіммен бірге ертпеймін. Үйде ата-әжесі бағады. Ол кісілер бала тәрбиесіне көп көмектеседі. Сондай-ақ күйеуімнің әпкесі де кейде жұмысынан сұранып келіп қызымызды қарап береді. Ал жарыс кезінде жанымыздағы спортшы қыз-жігіттер кезектесіп қарайды.

    Спортпен шұғылдануыма ешкім қарсы емес. Ол кісілердің көзқарасы оң. Керісінше қолдап, менің тұрақты түрде жаттығу жасауыма, жарысқа дайындалуыма көмектесіп, барлық жағдайымды жасайды. Баланы да қарап, тамақты да істей береді. Мен ата-енеден жолы болған бақытты адаммын", - деді Мөлдір Жаңбырбай.

    Сондай-ақ Мөлдір Жаңбырбай әлем чемпионатындағы жеңісінен кейін алған сыйлықтары туралы айтты.

    Естеріңізге сала кетейік, Мөлдір Жаңбырбай 2023 жылы Венгрия астанасы Будапештте өткен WKF каратэден әлем чемпионатында алтын медаль жеңіп алған. Осылайша ол ел тарихына каратэден әлем чемпионы атанған тұңғыш спортшы дәрежесіне жетті.

    "Баланы да қарайды, тамақты да істейді": қазақ каратэшісі ата-енесінің қалай қолдау көрсететінін айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.