Қазақстан футбол федерациясының жаңа президенті туралы не білеміз
Опубликовано:
Бүгін, 20 желтоқсан Марат Омаров Қазақстан футбол федерациясының президенті болып сайланды. ҚФФ-ның 36 жастағы жаңа президенті осы уақытқа дейін бірқатар мемлекеттік мекемелердің басшылық қызметінде болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Қазақстан Республикасы Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің мәліметінше, Омаров Марат Талғатұлы 1988 жылы 20 қыркүйекте дүниеге келген. Ол 2010 жылы "Болашақ" бағдарламасы бойынша Ұлыбританиядағы Йорк университетін "Философия, саясаттану, экономика" мамандығы бойынша тәмамдап, 2011 жылы Лондон экономика және саяси ғылымдар мектебін (LSE) әлеуметтік ғылымдар магистрі дәрежесінде бітірді.
2012-2014 жылдары – Экономикалық даму және сауда, кейіннен – Экономика және бюджеттік жоспарлау, Ұлттық экономика министрінің кеңесшісі қызметін атқарған.
2014-2016 жылдары – ҚР Ұлттық экономика министрлігінің тарифтік және институционалдық саясатты қалыптастыру департаменті директорының орынбасары болған.
2016-2017 жылдары – "Қазақтелеком" АҚ-ның басқарушы директоры болып еңбек еткен.
2017-2019 жылдары – "Технологиялық даму жөніндегі ұлттық агенттік" АҚ Басқарма төрағасы, трансформациядан кейін – "QazTech Ventures" АҚ Басқарма төрағасы («Бәйтерек «ҰБХ» АҚ құрылымына кіреді) қызметін атқарған.
2019 жылдан бастап 2020 жылғы қазанға дейін – "Бәйтерек "ҰБХ" АҚ басқарушы директоры – Басқарма мүшесі болған. Сондай-ақ "Қазақстанның тұрғын үй құрылыс жинақ банкі" АҚ, "Қазына Капитал Менеджмент" АҚ, "Қазақстанның Даму Банкі" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі болған.
2020 жылғы қазаннан 2022 жылғы тамызға дейін – ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі төрағасының орынбасары лауазымына тағайындалды.
2022 жылғы 16 тамыздан бүгінге дейін ҚР Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы болып еңбек еткен.
Айта кетейік, кезектен тыс XXVII конференциясының нәтижесі бойынша "Астана қаласы футбол федерациясы қауымдастығы" ЗТБ атынан сайауға түскен Омаров Марат Талғатұлы 34 дауыспен алға шығып, Қазақстан футбол федерациясының президенті атанды.
Мәтіннен қате тапсаңыз, бізге жазыңыз
Оригинал статьи: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2202885-qazaqstan-futbol-federatsiiasynyng-zhanga-prezidenti-turaly-ne-bilemiz/