
Әлемдік каратэ федерациясының (WKF) әр салмақ дәрежесі бойынша жаңартылған рейтингінде қазақстандық каратэшілер үздіктер қатарынан табылды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.
Әлемдік каратэ федерациясы (WKF) әр салмақ дәрежесі бойынша спортшылардың жаңартылған рейтингін жариялады.
Ерлер арасында 75 кг салмақ дәрежесінде қазақстандық Нұрқанат Әжіқанов рейтингтің екінші сатысына жайғасқан. Ол Токио Олимпиадасының қатысушысы, әлем чемпионатының екі дүркін жүлдегері және 2023 жылы Қытайда өткен Азия чемпионатының жеңімпазы атанған.
Ал 67 кг дейінгі салмақ дәрежесі бойынша түзілген әлемдік рейтингте Әмірәлі Дидар төртінші орыннан табылды. Ол 2018 жылғы Азия ойындарының күміс жүлдегері және 2023 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарының қола жүлдегері болған.
Әйелдер арасында +68 кг салмақ дәрежесінде қазақстандық София Берульцева көш бастап тұр. Ол 2020 жылғы Токио Олимпиадасының қола жүлдегері атанған, сондай-ақ 2022 және 2023 жылдардағы Азия чемпионатында топ жарған. 2022 жылы Ханчжоуда өткен Азия ойындарының чемпионы атанған.
Естеріңізге сала кетейік, биыл жазда Парижде өткен Олимпиада ойындарында каратэ бәсекелері өтпеген. Токио Олимпиадасынан кейін Халықаралық Олимпиада комитеті бұл спорт түрін Парижде өтетін бәсекеден алып тастаған.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2203628-qazaqstannyng-ush-birdei-karateshisi-alemdik-reitingte-uzdik-bestikke-endi/