jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Қорғаныс министрі спорттық және жауынгерлік самбо федерациясының басшысы болып сайланды

    Руслан Жақсылықов
    Руслан Жақсылықов. Фото: ҚР Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі

    ҚР Қорғаныс министрі Руслан Жақсылықов Қазақстанның спорттық және жауынгерлік самбо федерациясының басшысы болып сайланды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Сайлау Астанадағы Спорттық және жауынгерлік самбо федерациясының кезектен тыс отырысында өтті.

    Руслан Жақсылықовтың кандидатурасына федерацияның барлық мүшелері бірауыздан дауыс берді. Ол бұл қызметке Айдос Ақжановтың орнына келді.

    Қоғамдық бірлестіктің жаңа басшысы Руслан Жақсылықов – дзюдодан КСРО спорт шебері, бірнеше дүркін чемпион, самбо мен дзюдодан республикалық және халықаралық жарыстардың жүлдегері.

    "Федерация мүшелеріне нәтижелі жұмысы мен маған көрсеткен сенімі үшін алғысымды білдіремін. Спорттық және жауынгерлік самбо әскери және құқық қорғау қызметінде жеке құрамды даярлау жүйесінде сәтті қолданылады. Біз спорттың бұл түрін, оның ішінде әскери-қолданбалы спорт ретінде кең көлемде дамытуға үлкен күш саламыз", - деді генерал-полковник Руслан Жақсылықов.

    Бүгінде 1100-дің үстіндегі секцияда қырық мыңнан астам адам самбомен шұғылданады.

    Айта кетейік, Руслан Жақсылықов 2022 жылдың 19 қаңтарынан бері ҚР Қорғаныс министрі қызметін атқарып келеді.

    Қорғаныс министрі спорттық және жауынгерлік самбо федерациясының басшысы болып сайланды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.