jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Шахматшы Жансая Әбдімәлік мансабын аяқтауға қатысты сұраққа жауап берді

    Жансая Әбдімәлік жарыс кезінде
    Жансая Әбдімәлік. Фото: kazchess.kz

    Қазақстандық шахматшы және халықаралық гроссмейстер Жансая Әбдімәлік мансабын аяқтау туралы сұраққа жауап берді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ шахматшының Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Жансая Әбдімәлік Instagram желісіндегі ресми парақшасының Stories бөлімінде спорттық мансабына қатысты оқырмандарының қойған сұрақтарына жауап берді. Ал шахматшы мансабын аяқтамағанын, тек кішігірім үзіліс алғанын айтты.

    "Мансабымды аяқтаған жоқпын. Әзірге үзіліс алдым. Бір-екі жылда көре жатармыз", - деп жауап берді Жансая Әбдімәлік.

    Айта кетейік, қазіргі уақытта Жансая Жезқазғанда шахмат академиясының жаңа филиалын ашуға дайындық жүргізіп жатыр. Әлеуметтік желідегі парақшасында ол филиалдың ашылуы қаңтар айында өтетінін хабарлаған.

    Жансая Әбдімәліктің Instagram желісіндегі ресми парақшасының Stories бөліміндегі жазбасы
    Жансая Әбдімәліктің Instagram желісіндегі ресми парақшасының Stories бөліміндегі жазбасы. Скриншот: instagram.com/zhansaya_abdumalik

    Шахматшы Жансая Әбдімәлік мансабын аяқтауға қатысты сұраққа жауап берді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.