Top.Mail.Ru
Спорт

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Екі апта бұрын әлем чемпионатында жүлде салған қазақстандық ауыр атлет Азия чемпионатында топ жарды

Жарияланған күні:

Ауыр атлет Алексей Чуркин
Ауыр атлет Алексей Чуркин. Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

Қазақстандық ауыр атлет Алексей Чуркин жастар арасындағы Азия чемпионатында жеңімпаз атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Алексей Чуркин Катар астанасы Дохада өтіп жатқан жастар арасындағы Азия чемпионатында 89 кг дейінгі салмақ дәрежесінде жеңіске жетті. Қоссайыстың нәтижесі бойынша ол 360 (163+197) кг салмақты көтерді.

Екінші орынды ирандық Илия Салехипур еншіледі: ол 356 (161+195) кг салмақты еңсерсе, ал қола медальді тағы бір ирандық Аббаспур Алиреза жеңіп алды: спортшы 355 (159+196) кг салмақты бағындырды.

Айта кетейік, жақында Манама қаласында өткен ересектер арасындағы әлем чемпионатында Алексей Чуркин күміс жүлдеге ие болған еді.

Ауыр атлетикадан Қазақстан құрамасының спортшылары бұл әлем чемпионатын 2 алтын және 1 күміспен аяқтады. Әлем чемпионатының қорытындысы бойынша жалпыкомандалық есепте Қазақстан құрамасы үздік үштікті түйіндеді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2204877-eki-apta-buryn-alem-chempionatynda-zhulde-salgan-qazaqstandyq-auyr-atlet-aziia-chempionatynda-top-zhardy/