jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Станислав Черчесов Azerbaijan Airlines ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты (фото)

    Станислав Черчесов
    Станислав Черчесов. Фото: Jurij Kodrun/Getty Images

    Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері Станислав Черчесов Ақтау маңында Azerbaijan Airlines ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ бапкердің Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Бүгін, 25 желтоқсанда Әзербайжанның Azerbaijan Airlines әуе компаниясына тиесілі Embraer 190 ұшағы Баку – Грозный рейсін орындау кезінде апатқа ұшырады.

    "Ақтау маңында Azerbaijan Airlines ұшағының апатқа ұшырауына байланысты зардап шеккендерге күйзеліп, көңіл айтамын. Бұл – Ресей, Қазақстан және Әзербайжан халықтарының ортақ қайғысы", - деп жазды Станислав Черчесов.

    Естеріңізге сала кетейік, Ақтаудағы ұшақ апатына байланысты мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Әзербайжан президенті Ильхам Әлиевке көңіл айтты. Министрліктің мәліметінше, 27 адамның 11-інің жағдайы ауыр. Қазіргі уақытта олар жансақтау бөлімінде жатыр. Сонымен қатар облыстық балалар ауруханасына 11 және 16 жастағы екі бала жеткізілді. Екеуіне де ота жасау жоспарлануда.

    Станислав Черчесовтің Instagram желісіндегі ресми парақшасының Stories бөліміндегі жазбасы
    Станислав Черчесовтің Instagram желісіндегі ресми парақшасының Stories бөліміндегі жазбасы. Скриншот: instagram.com/stanislav.cherchesov.official

    Станислав Черчесов Azerbaijan Airlines ұшағының апатқа ұшырауына байланысты көңіл айтты (фото)

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.