jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    22 ойында 22 жеңіліс: "Астана" ВТБ Бірыңғай лигасында жеңіске жете алмай келеді

    "Астана" баскетбол клубы
    "Астана" баскетбол клубы. Фото: pbcastana.kz

    Елордалық "Астана" баскетбол клубы ВТБ Бірыңғай лигасы аясында ресейлік "Енисейден" ұтылып, чемпионатта жеңіске жете алмай келеді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Кездесу Красноярскіде өтіп, 90:73 есебімен алаң иелерінің жеңісімен аяқталды. "Астана" баскетбол клубы тек соңғы ширекте басым түсе алды. Бірақ та мұның өзі жеңіске жетуге көмектесе алмады.

    Кездесудің ең нәтижелі баскетболшысы "Астананың" америкалық шабуылшысы Узодинма Утонми болды. Ол 23 ұпайға ие болды, сонымен қатар екі нәтижелі пас бере білді.

    Айта кетейік, ВТБ Бірыңғай лигасының биылғы маусымында "Астана" 22 матчтың барлығында жеңіліп, турнир кестесінің соңғы 12-орнында тұр. Қазақстан құрамасы келесі кездесуін жаңа жылда өткізеді. 5 қаңтарда елордалықтар өз алаңында Мәскеудің ЦСКА командасын қабылдайды.

    22 ойында 22 жеңіліс: "Астана" ВТБ Бірыңғай лигасында жеңіске жете алмай келеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.