jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Өте жақсы адам": Елена Рыбакина әлемнің үздік теннисшісін жаттықтырған жаңа бапкері туралы айтты

    Елена Рыбакина
    Елена Рыбакина. Фото: Robert Prange/Getty Images

    Қазақстанның бірінші ракеткасы өзінің жаңа бапкері Горан Иванишевич туралы пікір білдірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Welovetennis.fr сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    "Біз бірге екі апта жұмыс істедік, Горан – өте жақсы адам. Жұмысымыз туралы көп айта алмаймын, бірақ дайындық жоғары деңгейде өтті. Уақыт аз болды, бірақ мен одан біраз тәжірибе жинадым, әсіресе ойыншы ретінде оның қалай дайындалғанын көріп үйрендім. Мен күн сайын жаңа нәрселерді үйреніп жатырмын, өзімді физикалық тұрғыдан әлдеқайда жақсы сезінемін және Аустралияда жақсы нәтижелерге қол жеткіземіз деп үміттенемін", - деді Елена Рыбакина.

    Еленаның осы маусымдағы алғашқы турнирі 2024 жылдың 27 желтоқсанда басталатын United Cup турнирі болды. Рыбакина алғашқы матчын испаниялық Джессика Бузас Манейроға қарсы өткізіп, 6:2, 6:3 есебімен жеңіске жетті.

    Айта кетейік, Горан 2019 жылдан 2024 жылға дейін әлемдік теннистің аңызы, Париж Олимпиадасының чемпионы, бірнеше АТР турнирінің жеңімпазы сербиялық Новак Джоковичпен жұмыс істеген.

    Өзі де кәсіби теннисші ретінде ойнаған, 2001 жылы ерлер арасында Уимблдон турнирінің жеңімпазы атанып, әлемдік рейтингте екінші орынға дейін көтерілген.

    "Өте жақсы адам": Елена Рыбакина әлемнің үздік теннисшісін жаттықтырған жаңа бапкері туралы айтты

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.