jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық теннисшілер испаниялықтарды жеңіп, United Cup турнирінде көш бастады

    Елена Рыбакина
    Елена Рыбакина. Фото: Robert Prange/Getty Images

    Қазақстандық теннисшілер Аустралияда өтіп жатқан United Cup турниріндегі алғашқы матчында жеңіске жетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    United Cup турнирі аясында Испанияға қарсы ойында алғашқы кездесуде Александр Шевченко Пабло Карреньо-Бустадан жеңіліп қалды.

    Алайда екінші ойында Елена Рыбакина испаниялық Джессика Манейроны жеңіп, есепті теңестірді.

    Шешуші жұптық кездесуде Елена Рыбакина мен Александр Шевченко испаниялықтар Пабло Карреньо-Бустамен және Ивон Кавалье-Реймерске қарсы ойнап, жеңіске жетті.

    Осылайша, Қазақстан Испанияны 2:1 есебімен ұтып, С тобында көш бастады. Қос құрамадан бөлек бұл топта Грекия да өнер көрсетеді. Грекия құрамасына қарсы матч 30 желтоқсанда өтеді.

    Айта кетейік, United Cup турнирінде Қазақстан құрамасы атынан Елена Рыбакина, Жібек Құламбаева, Александр Шевченко, Дмитрий Попко және Александр Недовесов сынға түседі.

    Ширек финалға әр топтан бірінші орын алған 6 команда және үздік нәтижесімен көзге түскен екінші орындағы 2 команда өтеді. Барлығы турнирде 18 команда қатысып жатыр.

    Қазақстандық теннисшілер испаниялықтарды жеңіп, United Cup турнирінде көш бастады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.