jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық теннисші Аустралиядағы турнирде сенсация жасады

    Теннисші Александр Шевченко
    Теннисші Александр Шевченко. Фото: MI News/NurPhoto via Getty Images

    Қазақстандық теннисші Александр Шевченко Аустралияның Сидней мен Перт қалаларында аралас командалық сында өтіп жатқан United Cup турнирінде Грекияға қарсы ойында сенсация жасады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Кәсіби теннисшілер қауымдастығының (ATP) рейтингінде 78-орында тұрған Шевченко әлемнің 11-ракеткасы Стефан Циципаспен ойнап, 6:4, 7:6 (7:0) есебімен жеңді. Теннисшілер кортта 1 сағат 52 минут өткізді. Шевченко екі сетте екі эйс және 3 дабл-фол жасаса, оның қарсыласы 7 эйс орындап, 4 қателікке жол берді.

    Айта кетейік, Қазақстан құрамасы C тобында өнер көрсетіп жатыр және бірінші матчта Испанияны 2:1 есебімен жеңген еді. Ұлттық команда сапында Шевченкодан бөлек Елена Рыбакина, Жібек Құламбаева, Дмитрий Попко және Александр Недовесов бар. Келесі матч Елена Рыбакина мен әлемдік рейтингте 32-орында тұрған Мария Саккари арасында болады.

    United Cup турнирінің ширек финалына әр топтан бірінші орын алған 6 команда және үздік нәтижесімен көзге түскен екінші орындағы 2 команда өтеді. Турнирге барлығы 18 команда қатысып жатыр.

    Қазақстандық теннисші Аустралиядағы турнирде сенсация жасады

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.