jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Джинсы кигені үшін әлем чемпионатынан шеттетілген шахматшы турнирге оралатын болды

    Магнус Карлсен
    Магнус Карлсен. Фото: Dan Kitwood/Getty Images

    Әйгілі норвегиялық шахматшы Магнус Карлсен жарысқа джинсы киіп келгені үшін әлем чемпионатынан шеттетіліп, кейін турнирге қатысудан бас тартқан еді. Енді ол әлем біріншілігіне оралатын болды, деп хабарлайды FIDE-нің ресми сайтына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Магнус Карлсен Нью Йорктегі (АҚШ) 2024 жылғы әлем чемпионатының тоғызыншы кезеңіне турнирдің дресс-кодын бұзып, джинсы киіп келген.

    "Бас төреші Карлсенге ережені бұзғанын хабарлап, 200 доллар көлемінде айыппұл салды және одан киімін ауыстыруды талап етті. Өкінішке қарай, Карлсен бұл талаптан бас тартты, сондықтан ол 9-тур жеребесіне қатыстырылмады. Бұл әділ түрде қабылданған және барлық ойыншыға бірдей қатысты шешім", - делінген FIDE хабарламаcында.

    Осыдан соң Магнус Карлсен әлем чемпионатына қатысудан бас тартқан. Бірақ кейін FIDE-нің ресми сайтында норвегиялық шахматшы турнирге оралатыны хабарланды. Карлсен болған жағдайды FIDE президентімен және бас демеушімен талқылап, әлем біріншілігін жалғастыруды шешкен.

    "Бұл шахмат әлемі үшін керемет жаңалық. Біз блиц бойынша қазіргі әлем чемпионы өз атағын қорғау үшін күресетініне және Нью-Йорктегі турнирде тағы бір тәжге қол жеткізуге ұмтылатынына қуаныштымыз", - делінген FIDE хабарламасында.

    34 жастағы Магнус Карлсен – классикалық шахматтан әлемнің 16-чемпионы және әлемдік рейтингтің көшбасшысы. Сондай-ақ ол рапид бойынша әлем чемпионатының алты дүркін жеңімпазы және блиц бойынша жеті дүркін чемпионы.

    Джинсы кигені үшін әлем чемпионатынан шеттетілген шахматшы турнирге оралатын болды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.