jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Аустралияда өтіп жатқан United Cup турнирінің жартылай финалдық жұптары анықталды

    Елена Рыбакина
    Елена Рыбакина. Фото: Kelly Defina/Getty Images

    Аустралияда өтіп жатқан United Cup турнирінің жартылай финалына жолдама алған барлық 4 команда анықталды. Ертең, 4 қаңтарда финалға шығу жолында жартылай финалдық кездесулер өтеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Ертең, 4 қаңтарда Сиднейде (Аустралия) жартылай финалдық кездесулер өтеді. Қазақстан құрамасым Польшамен шеберлік байқасса, АҚШ теннисішлері Чехия құрамасына қарсы кездесу өткізеді.

    Қазақстан мен Польша арасындағы кездесу 4 қаңтарда таңғы сағат 04:30-да (Қазақстан уақыты бойынша) басталады. Бұл бәсекенің бірінші ойынында Елена Рыбакина (әлемдік рейтингте 6-орында) мен Ига Швентек (2-орын) кездеседі. Ал екінші матчта Қазақстан құрамасы сапынан Александр Шевченко (78-орын) мен Хуберт Хуркач (16-орын) өзара мықтыны анықтайды. Сонымен қатар жұптық кездесу де өтеді.

    Ал сағат 11:30-да (Қазақстан уақыты бойынша) АҚШ пен Чехия құрамалары кездеседі.

    Айта кетейік, Аустралияда өтіп жатқан United Cup турнирінің финалы 5 қаңтарға жоспарланған.

    Аустралияда өтіп жатқан United Cup турнирінің жартылай финалдық жұптары анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.