jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    Испаниялық футболшы әлемнің үздік ойыншысын 10 секундта нокаутқа түсіруге дайын екенін жеткізді

    Пабло Маффео мен Винисиус Жуниор
    Пабло Маффео мен Винисиус Жуниор. Фото: Alvaro Medranda/Quality Sport Images/Getty Images

    Испаниялық "Мальорка" клубының қорғаушысы Пабло Маффео мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Винисиус Жуниормен бокстан жекпе-жек өткізуге ниетті екенін жеткізді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Mundo Deportivo басылымына сілтеме жасап хабарлайды.

    Бұған дейін Маффео мен Винисиус алаңда бірнеше рет кездескен. Қос футболшының алаңдағы ерегістері, қақтығыстары жанкүйерлер қауымына белгілі. Сондай-ақ "Мальорка" клубының қорғаушысы Пабло Маффео – бокстың үлкен жанкүйері.

    "Бұл тарихтағы ең көп қаралатын жекпе-жек болуы мүмкін еді. Мен жеңісіме сенімдімін. Оны 10 секунд ішінде нокаутқа түсірер едім", - деп келтіреді оның сөзін Mundo Deportivo басылымы.

    Естеріңізге сала кетейік, Ла Лига аясында "Реал Мадрид" пен "Валенсия" (2:1) арасындағы ойында шабуылшы Винисиус қақпашы Столе Димитриевскидің басының арт жағынан ұрғаны үшін алаңнан қуылған болатын. Бразилиялық ойыншы екі ойынға қатыса алмауы мүмкін.

    Биылғы Ла Лига маусымында Винисиус "Реал" сапында 15 матч өткізіп, 8 гол соғып, 5 нәтижелі пас берген.

    "Реал Мадрид" келесі ойынын 19 қаңтарда өз алаңында "Лас-Пальмасқа" қарсы өткізеді.

    Сондай-ақ футболдан Бразилия құрамасының және мадридтік "Реалдың" шабуылшысы Винисиус Жуниор ФИФА нұсқасы бойынша 2024 жылдың үздік ойыншысы деп танылған болатын.

    Испаниялық футболшы әлемнің үздік ойыншысын 10 секундта нокаутқа түсіруге дайын екенін жеткізді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.