jitsu gif
Спорт

    АҚШ теннисшілері Аустралияда өткен United Cup турнирінде жеңімпаз атанды

    Коко Гауфф
    Коко Гауфф. Фото: Brendon Thorne/Getty Images

    Аустралияда өткен United Cup турнирінде АҚШ теннисшілері ақтық сында жеңіске жетіп, чемпион атанды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі хабарлайды.

    Аустралияда өткен United Cup командалық турнирінің финалында АҚШ және Польша теннисшілері кездесті. Финалдағы алғашқы матчта WTA рейтингінің 3-нөмірі Коко Гауфф әлемнің екінші ракеткасы польшалық Ига Швентекті 6:4, 6:4 есебімен жеңген болатын.

    Ал екінші матчта әлемнің төртінші ракеткасы Тейлор Фриц Польша теннисшісі Хуберт Хуркачты 6:4, 5:7, 7:6 есебімен жеңіп, өз командасына чемпиондық атақты алып берді.

    Еске салайық, United Cup турнирінің жартылай финалында Польша құрамасы Қазақстан командасын 3:0 есебімен жеңіп, финалға шыққан еді. Алайда Қазақстан турнирде жарқын ойын көрсетті: топтық кезеңде Испанияны (2:1) және Грекияны (3:0) жеңсе, ширек финалда Германияны (2:1) тізе бүктірді.

    Сондай-ақ Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Instagram желісіндегі ресми парақшасында United Cup турнирінде бақ сынаған ұлттық құрама мүшелерінің ерекше сәттерінен видео жариялады.

    АҚШ теннисшілері Аустралияда өткен United Cup турнирінде жеңімпаз атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.