jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қысқы Азиадаға қатысатын қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар анықталды

    Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина
    Мәнерлеп сырғанаушы Софья Самоделкина. Фото: t.me/team_samodelkina

    Мәнерлеп сырғанаудан Қазақстан құрамасының жаттықтырушылар штабы Қытайдың Харбин қаласында өтетін 2025 жылғы Азия ойындарына қатысатын құрамды жариялады. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Алдағы Азия ойындарында мәнерлеп сырғанаудан ел намысын төмендегі спортшылар қорғайды:

    • Ерлер арасындағы жекелей сын: Михаил Шайдоров, Диас Жиренбаев, қосалқы қатысушы – Рахат Бралин;
    • Әйелдер арасындағы жекелей сын: Софья Самоделкина, Софья Фарафонова, қосалқы қатысушы – Анна Левковец;
    • Мұздағы би: Гаухар Наурызова / Байсангур Датиев.

    2025 жылғы қысқы Азия ойындары 7-14 ақпан аралығында Қытайдың Харбин қаласында өтеді. Қазақстан құрамасының спортшылары конькимен жүгіру, мәнерлеп сырғанау, шайбалы хоккей, биатлон, шорт-трек, тау шаңғысы, тау шаңғысы, фристайл, керлинг сияқты алты спорт түрінен сайысқа түсуге ниетті.

    Еске салайық, 13-23 қаңтар аралығында Туринде (Италия) өтетін ХХХІІ Дүниежүзілік қысқы Универсиадаға қатысатын Қазақстан құрамасы анықталған еді.

    Қысқы Азиадаға қатысатын қазақстандық мәнерлеп сырғанаушылар анықталды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.