jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Нұрила Ермекбай
    Нұрила Ермекбай
    Бұрынғы қызметкер

    Сәкен Мұсайбеков Хоккей федерациясының бас директоры болып тағайындалды

    Сәкен Мұсайбеков
    Сәкен Мұсайбеков. Фото: icehockey.kz

    Сәкен Мұсайбеков Қазақстан хоккей федерациясының бас директоры болып тағайындалды. Бұл туралы федерацияның ресми сайтында хабарланды.

    "Қазақстанның хоккей федерациясы" республикалық қоғамдық бірлестігінің кезектен тыс республикалық конференциясының шешімімен Мұсайбеков Сәкен Жүнісбекұлы ҚХФ Бас директоры лауазымына сайланды.

    Сәкен Мұсайбековтің спорт саласындағы басқарушылық тәжірибесі мол. Ол бірқатар ұйымдар мен ведомстволарда маңызды қызметтер атқарды. Атап айтқанда, Қазақстанның мәдениет және спорт вице-министрі және Қазақстан Республикасы Ұлттық олимпиада комитетінің бас хатшысы болып жұмыс істеді.

    Жаңа бас директордың көпжылдық тәжірибесі мен терең білімі Қазақстан Республикасында хоккейді дамыту бойынша алға қойылған мақсат-міндеттерге қол жеткізуге мүмкіндік береді.

    Басшылықтағы өзгерістер халықаралық бағытты күшейтуге де ықпал етті – Глеб Каратаев "Қазақстанның хоккей федерациясы" РҚБ вице-президенті лауазымына сайланды.

    Сәкен Мұсайбеков Хоккей федерациясының бас директоры болып тағайындалды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.