Top.Mail.Ru
Спорт

Зектілері

78 алтын: Қазақстан қысқы Азия ойындарында қанша медаль жеңіп алған

Жарияланған күні:

2017 жылғы қысқы Азия ойындары
2017 жылғы қысқы Азия ойындары. Фото: olympic.kz

1986 жылдан бері ұйымдастырылып келе жатқан қысқы Азия ойындары тарихында небәрі 10 мемлекет қана жүлде еншілеген. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Спортты дамыту дирекциясының Instagram-дағы парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

Азия құрлығында 4,6 млрд адам және 50-ге жуық мемлекет болса да, оның бәрі қысқы Азия ойындарында жүлде алмаған. Климатқа байланысты көптеген елдің спортшылары жүлдеге таласа алмайды.

Қысқы Азия ойындарында медаль иеленген ТОП-7 ел:

  1. Жапония – 138 алтын, 144 күміс, 115 қола;
  2. Қытай – 94 алтын, 85 күміс, 105 қола;
  3. Қазақстан – 78 алтын, 62 күміс, 56 қола;
  4. Оңтүстік Корея – 74 алтын, 83 күміс, 92 қола;
  5. Солтүстік Корея – 1 алтын, 4 күміс, 12 қола;
  6. Өзбекстан – 1 алтын, 2 күміс, 4 қола;
  7. Ливан – 1 алтын, 1 күміс.

Айта кетейік, 2025 жылғы қысқы Азия ойындары 7-14 ақпан аралығында Қытайдың Харбин қаласында өтеді. Жарысқа Қазақстаннан 139 спортшы (71 ер, 68 әйел) аттанады. Олар спорттың 6 түрінен 50 медаль жиынтығына таласады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2209005-78-altyn-qazaqstan-qysqy-aziia-oiyndarynda-qansha-medal-zhengip-algan/