jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    17 жастағы қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте алғаш рет үздік бестікке енді

    Әмір Омарханов
    Әмір Омарханов. Фото: Will Murray/Getty Images

    Теннисші Әмір Омарханов Халықаралық теннис федерациясының (ITF) жасөспірімдер арасындағы жаңа рейтингінде үздік бестікке кірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    17 жастағы Әмір Омарханов рейтингте он сатыға жоғарылап, төртінші орынға тұрақтады. Ол мансабында алғаш рет ТОП-5 қатарына кірді. Өткен маусымда Омарханов Бейжіңде өткен J300 турнирінде жекелей сындағы жарыста топ жарды. Бұдан бөлек жұптық сында үш ірі жарыста, соның ішінде бейресми әлем чемпионаты саналатын Orange Bowl турнирінде жеңіске жетті.

    Әлемдік жасөспірімдер рейтингінде Занғар Нұрланұлы да жоғарылады. 16 жастағы қазақстандық теннисші 38-орынға көтерілді (+36). 2024 жылы Нұрланұлы жекелей сында үш ірі титулды жеңіп алды. Атап айтқанда, Измирдегі J100, Шымкенттегі J200 және Латвиядағы J100 жарыстарында үздік шықты.

    Тағы бір қазақстандық теннисші Дамир Жалғасбай ТОП-100-ге жақындап қалды. Қазір ол 112-орында (+84) тұр. Дамир былтыр Краковта өткен турнирде жеңіске жеткен еді.

    Еске салайық, Бүкіләлемдік әйелдер теннис қауымдастығының (WTA) жекелей және жұптық сындағы жаңартылған рейтингінде қазақстандықтар қай орында екенін жазғанбыз.

    17 жастағы қазақстандық теннисші әлемдік рейтингте алғаш рет үздік бестікке енді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.