jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақстандық спортшы фристайл-могулдан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

    Қазақстандық спортшы Анастасия Городко
    Қазақстандық спортшы Анастасия Городко. Фото: Спортты дамыту дирекциясының баспасөз қызметі

    Фристайл-могулдан Қазақстан құрамасының спортшысы Анастасия Городко Алматыда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында күміс медаль жеңіп алды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Olympic.kz cайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Анастасия Городко финалда 70.79 ұпай жинап, екінші орынға ие болды. Ал жапон спортшысы Юма Тагучи 72.43 ұпаймен жеңімпаз атанса, оның отандасы Мисе Курэа (66.63) қола жүлде иеленді.

    Өзге де қазақстандық спортшылар – Юлия Феклистова 13, Анастасия Ларионова 17, Виктория Кузнецова 18, ал Юлия Мокина 22-орынға тұрақтады.

    Айта кетейік, 2022 жылғы әлем чемпионатында Анастасия Городко үш жүлде жеңіп алған еді. Ол параллель могулда жеңіске жетіп, жекелей сында және аралас командалық сайыста екінші орын алды. Сонымен қатар 2024 жылғы әлем чемпионатында Городко могулда бірінші, параллель могулда екінші орын еншіледі.

    Қазақстандық спортшы фристайл-могулдан әлем чемпионатының күміс жүлдегері атанды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.