jitsu gif
Спорт

    Фристайл-могулдан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы командалық есепте үздіктер қатарында келеді

    Анастасия Городко
    Анастасия Городко. Фото: Olympic.kz

    Алматыда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында фристайл-могулдан Қазақстан құрамасы командалық есепте екінші орынға жайғасты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Анастасия Городко Алматыда өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында фристайл-могулдан Қазақстан құрамасына екінші медаль әкелген болатын. Бүгін, 8 қаңтарда спортшы параллель могулда алтын медаль жеңіп алды. Ал бір күн бұрын Анастасия Городко жекелей сында екінші орынға ие болған еді.

    Бұл Қазақстанның медальдық есепте екінші орынға нық бекітілуіне мүмкіндік берді. Ұлттық құрамадан жоғары Жапония орналасқан: олардың еншісінде екі алтын және бір қола медаль бар. Үздік үштікті бір алтынмен Чехия түйіндеп тұр.

    Айта кетейік, 9 қаңтарда фристайл-могулдан аралас командалар арасында жарыстар өтеді.

    Фристайл-могулдан әлем чемпионатында Қазақстан құрамасы командалық есепте үздіктер қатарында келеді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.