2025 жылғы Australian Open турнирінің жеребесі тартылып, қазақстандық теннисшілердің алғашқы қарсыластары белгілі болды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ турнирдің Youtube желісіндегі арнасына сілтеме жасап хабарлайды.
Әйелдер арасында Қазақстанның бірінші, әлемнің алтыншы ракеткасы Елена Рыбакина алғашқы айналымда 16 жастағы аустралиялық спортшы Эмерсон Джонспен (әлемдік рейтингте 371-орында) кездеседі. Тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева (№25 WTA) бірінші матчын Армения өкілі Элина Аванесянға (№44 WTA) қарсы өткізеді.
Ерлер арасында Александр Бублик (№27 ATP) турнирді аргентиналық Франсиско Серундолоға (№31 ATP) қарсы ойынмен бастайды. Ал Александр Шевченко (№72 ATP) бірінші кезеңде әлемнің үшінші ракеткасы Карлос Алькараспен (Испания) шеберлік байқасады.
Еске салайық, Australian Open турнирінің іріктеу кезеңінде Қазақстанның үш бірдей теннисшісі жеңіліп қалған еді. Атап айтқанда, Михаил Кукушкин, Дмитрий Попко және Тимофей Скатов алғашқы айналымнан өте алмады.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2209713-australian-open-turniri-qazaqstandyq-tennisshilerding-algashqy-qarsylastary-anyqtaldy/