jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Фристайл-могулдан әлем чемпионаты: Қазақстан қоржынына үшінші медаль түсті

    Қазақстандық спортшы
    Қазақстандық спортшы. Фото: olympic.kz

    Алматыда фристайл-могулдан өтіп жатқан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына үшінші медаль түсті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Olympic.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Юлия Феклистова мен Денис Раструба аралас командалар арасындағы жарыста күміс жүлдеге қол жеткізді. Спортшылар финалға дейін жетіп, АҚШ-2 командасына жол берді. Үшінші орынды АҚШ-3 құрамасы иеленді.

    Бұл – Алматыдағы әлем чемпионатында Қазақстан қоржынына түскен үшінші медаль. Осыған дейін Анастасия Городко жекелей сында күміс, параллель могулда алтын жүлде еншілеген еді.

    Анастасия Городко 2022 жылғы әлем чемпионатында параллель могулда жеңіске жетіп, жекелей сында және аралас командалық сайыста екінші орын алды. Сонымен қатар 2024 жылғы әлем чемпионатында могулда бірінші, параллель могулда екінші орын еншіледі.

    Фристайл-могулдан әлем чемпионаты: Қазақстан қоржынына үшінші медаль түсті

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.