jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Аида Тақабаева
    Аида Тақабаева
    Бұрынғы қызметкер

    Қазақ қызы теннистен ITF сериясындағы турнирде үшінші мәрте топ жарды

    Сандуғаш Кенжібаева
    Сандуғаш Кенжібаева. Фото: Қазақстан теннис федерациясы

    Қазақстандық теннисші Сандуғаш Кенжібаева Анталияда өткен W15 санатындағы ITF сериясы турнирінде түркиялық Илай Йорукпен жұптасып өнер көрсетіп, топ жарды. Бұл туралы Қазақстан теннис федерациясына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Федерация мәліметінше, финалдық кездесуде 19 жастағы Кежібаева мен 23 жастағы Йорук жұбы неміс теннисшісі Мину Ходжич пен швейцариялық Мари Меттроны 6:4, 5:7, 10:8 есебімен жеңді.

    Осылайша Сандуғаш Кенжібаева ITF аясындағы жұптық сында үшінші рет топ жарды. Кенжібаеваны былтырдан бері қазақстандық жас жаттықтырушы Артур Хайрутдинов жаттықтырып келеді.

    Айта кетейік, бұған дейін Қазақстанның жұптық сындағы бірінші ракеткасы Анна Данилина Италияның Бари қаласында өткен халықаралық турнирдің жеңімпазы атанған еді.

    Анна Данилина финалда ресейлік Ирина Хромачевамен бірге Италия өкілі Анджелика Морателли — мексикалық Рената Сарасуа жұбымен бас жүлдені сарапқа салды.

    Ақтық сын 1 сағат 5 минутқа созылды. Қазақстандық-ресейлік жұп екі партияда айқын басымдылық көрсетті — 6:1, 6:3.

    Қазақ қызы теннистен ITF сериясындағы турнирде үшінші мәрте топ жарды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.