jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Ахмет Қамшыбек
    Ахмет Қамшыбек
    Бұрынғы қызметкер

    "Орнымнан тұрғызып жіберуге тырысты": Хабиб Нурмагомедов ұшақта болған келеңсіз жағдайды түсіндірді

    Хабиб Нурмагомедов
    Хабиб Нурмагомедов. Фото: Chris Unger/Zuffa LLC

    UFC-дің бұрынғы чемпионы Хабиб Нурмагомедов 13 қаңтарда Frontier Airlines әуе компаниясының бортсерігімен болған келеңсіз жағдайды түсіндірді. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Хабиб Нурмагомедовтің Instagram желісіндегі ресми парақшасына сілтеме жасап хабарлайды.

    Бұған дейін спортшыны АҚШ-та ұшақтан түсіріп кеткені туралы жазған едік. Кейін ол осы жағдайға қатысты Instagram желісіндегі ресми парақшасында жауап берді.

    Хабиб бортсерікті дөрекі болды деп жазды. Оның айтуынша, бортсерік оны ұшудан міндетті түрде шеттетуге пейіл танытып, принципті түрде әрекет еткен.

    "Ол кісі басынан-ақ өте дөрекі болды. Мен ағылшын тілін жақсы түсініп, дұрыс сөйлесетініме қарамастан, ол мені орнымнан тұрғызып жіберуге барынша тырысты. Мұндай әрекетінің себебі неліктен болғанын нақты айта алмаймын. Мүмкін, нәсілшілдік, ұлттық немесе басқа бір нәрсе болуы да мүмкін.

    Қысқа әңгімеден кейін ол қауіпсіздік қызметін шақырып, мені ұшақтан шығарып жіберді. 1,5 сағаттан кейін басқа ұшаққа отырып, межелі жеріме ұшып кеттім.

    Мен сабыр сақтап, арандатуға берілмеу үшін барымды салдым. Менің ойымша, адамдар мейірімдірек болуға тырысуы керек", - деп жазды Хабиб Нурмагомедов.

    Айта кетейік, Хабиб Нурмагомедов қазір 36 жаста. Ол аралас жекпе-жек спортына 2008 жылы кәсіби деңгейде қадам басып, 2020 жылы спорттық мансабын аяқтаған болатын. Оның есебінде 29 жеңіс бар және кәсіби мансабында бірде бір рет жеңілмеген.

    "Орнымнан тұрғызып жіберуге тырысты": Хабиб Нурмагомедов ұшақта болған келеңсіз жағдайды түсіндірді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.