jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Асылан Маханов
    Асылан Маханов
    Бұрынғы қызметкер

    Рыбакина бір саты төмендеді: қазақстандық теннисшілердің рейтингтегі орны қалай өзгерді

    Теннисші Елена Рыбакина
    Теннисші Елена Рыбакина. Фото: Clive Brunskill/Getty Images

    Әйелдер теннисі қауымдастығы (WTA) жекелей және жұптық сында өнер көрсететін теннисшілердің рейтингін жаңартты. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ WTA-ның ресми сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

    Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина рейтингте алтыншыдан жетінші орынға түсіп кетті. Оның бұрынғы орнын Аделаида (Аустралия) турнирінің финалына өткен америкалық теннисші Джессика Пегула басты.

    Ал Юлия Путинцева екі саты жоғарылап, 23-орынға жайғасты. Бұл оның әлемдік рейтингтегі жеке рекорды саналады. Путинцева жұптық сындағы рейтингте үш саты көтеріліп, 108-орынға шықты.

    Жұптық сындағы үздіктердің бірі Анна Данилина бір позиция жоғарылап, 22-сатыға табан тіреді. Ал Жібек Құламбаева 156-орында қалды.

    Еске салайық, 2025 жылғы Australian Open турнирінің жеребесі тартылып, қазақстандық теннисшілердің алғашқы қарсыластары белгілі болған еді.

    Рыбакина бір саты төмендеді: қазақстандық теннисшілердің рейтингтегі орны қалай өзгерді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.