jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Эльмира Асқарқызы
    Эльмира Асқарқызы
    Аға журналист

    ММА шебері Қуат Хамитовтің інісі әскер қатарына алынды

    Қуат Хамитов
    Қуат Хамитов інісі Ерсұлтанбек Тауасарұлымен. Фото: ІІМ Ұлттық ұлан баспасөз қызметі

    Қазақстандық белгілі аралас жекпе-жек шебері Қуат Хамитовтің інісі Ерсұлтанбек Тауасарұлы Ұлттық ұланның 5573 әскери бөліміне Отан алдындағы борышын өтеп жүр. Бұл туралы ІІМ Ұлттық ұланының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ хабарлайды.

    Ол әскер қатарына 2024 жылдың желтоқсан айында Алматы қаласынан шақырылған. Бүгінге дейін ол әскери ортаға бейімделіп, арнайы оқу курсынан өтті.

    4 оқу ротасының қатардағы жауынгері Ерсұлтанбек Тауасарұлы биылғы 11 қаңтарда әскери ант қабылдады. Салтанатты іс-шараға оның ата-анасы, бауырлары келген.

    "Туған бауырымды Отан алдындағы борышын өтеу үшін әскерге жібердік. Әскери ант қабылдау іс-шарасына қатысып отырмыз. Қашанда елді, жерді қорғау – ер азаматтың парызы. Бұйырса інім жауынгерлік қызметін абыроймен атқарып шығады деген сенімдемін", - деді ММА шебері Қуат Хамитов.

    Дәл сол күні елордалық бригаданың 700-ге жуық сарбазы әскери ант қабылдады.

    "5573 әскери бөліміне тап болғаныма қуанып жүрмін. Мұндағы қызметім өзіме ұнап жатыр. Келгенімізге бір айдан асты. Қазірдің өзінде жауынгерлік қызметтің қыр-сырына қанығып алдық. Жақын уақытта Астана қаласының тыныштығын қорғап, заңның сақталуын және азаматтардың құқықтарының бұзылмауын қадағалаймыз", - деді қатардағы жауынгер Ерсұлтанбек Тауасарұлы.

    Ресми шара аяқталғаннан кейін ата-аналарға әскер қатарында жүрген балаларымен кездесуге рұқсат берілді. Осы сәтте белгілі файтер інісімен жолығып, естелік суретке түсті.

    Айта кетейік, Қуат Хамитов аралас жекпе жектен 26 мәрте жеңіске жетіп, 8 рет жеңілген. Сондай-ақ оның еншісіне 2 тең нәтиже тіркелген.

    ММА шебері Қуат Хамитовтің інісі әскер қатарына алынды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.