Спорт

Зектілері

Универсиада-2025: Анастасия Городко Қазақстан қоржынына алғашқы алтынды салды

Жарияланған күні:

Читать на русском
Анастасия Городко. Фото
Анастасия Городко. Фото: Спортты дамыту дирекциясы

Қазақстандық спортшы Анастасия Городко фристайл-могулдан чемпион атанып, ұлттық команда қоржынына алғашқы алтынды салды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Италияның Турин қаласында өтіп жатқан қысқы Универсиадада Қазақстан қоржынына бір алтын түсті.

Фристайл-могулден жарыс жолына алғашқылардың бірі болып шыққан отандық атлеттер жеңіс тұғырынан көрінді. Әйелдер арасында ақтық сында екі қазақстандық спортшы - Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ студенті Аяулым Әмренова мен жастар арасындағы үш дүркін әлем чемпионы, Спорт және туризм академиясының студенті Анастасия Городко бағын сынаған.

Нәтижесінде Анастасия 79,79 ұпаймен алтын медаль жеңіп алды. Ал Әмренова болса, 70,52 ұпай алып, қорытынды есепте 5-орынға тұрақтады.

Еске салсақ, Алматыда өткен фристайл-могулдан жасөспірімдер арасындағы әлем чемпионатында Қазақстан құрамасының спортшылары үш медаль еншілеп, оның екеуін Анастасия Городко иеленген.

Бұған дейін қазақстандық биатлоншылар Универсиадада жүлдеге қол жеткізе алмағанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2211585-universiada-2025-anastasiia-gorodko-qazaqstan-qorzhynyna-algashqy-altyndy-saldy/