jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Бішкекте атақты қырғыз балуаны Айсұлу Тыныбекованың үйлену тойы дүркіреп өтті (видео)

    Үйлену тойы
    Үйлену тойы. Видеодан кадр: instagram.com/tynybekova.aisuluu

    Танымал қырғыз балуаны Айсұлу Тыныбекова тұрмысқа шықты. Спортшы үйлену тойының видеоларын әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қырғызстанның танымал спортшысы, үш дүркін әлем чемпионы Айсұлу Тыныбекова Instagram желісіндегі ресми парақшасында үйлену тойының қалай өткенін көрсетті.

    "Сүю - бұл жеңіс" - деп жазды қырғыз балуаны күйеуімен бірге түскен видео сипаттамасында.

    Қырғызстандық БАҚ-тың хабарлауынша, дүбірлі той Бішкек қаласындағы салтанат сарайларының бірінде өткен.

    Айта кетейік, даңқты спортшы былтыр желтоқсанда Instagram желісіндегі ресми парақшасында болашақ жарының суретін жариялап, көпшілікке таныстырған еді.

    Еске салсақ, еркін күрес шебері Айсұлу Тыныбекова 2024 жылы жазда Парижде өткен Олимпиада ойындарында 62 кг дейінгі салмақта сынға түсіп, қола медаль жеңіп алған. Ал 2021 жылы Токиода өткен Олимпиадада күміс медальді қанжығасына байлаған.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.