jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Универсиада-2025: Қазақстандық шорт-трекшілер ел қоржынына медаль салды

    Шорт-тректен Қазақстан құрамасы
    Шорт-тректен Қазақстан құрамасы. Фото: Қазақстан конькимен сырғанаушылар федерациясының баспасөз қызметі

    Шорт-тректен Қазақстан құрамасы Италияда өтіп жатқан (Турин) Универсиадада аралас эстафета бойынша қола медаль алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Шорт-тректен Қазақстан командасы 2000 метрге сырғанаудан аралас эстафетада қола жүлдеге қол жеткізді. Отандық спортшылар 2 минут 44.815 секундта мәреге жетті. Осылайша ұлттық құрама үшінші орынға тұрақтады.

    Қазақстан намысын шорт-трекшілер атынан Алина Әжғалиева, Малика Ермек, Яна Хан, Валерий Клименко, Динмухамедалдияр Тәжібай қорғады.

    Аралас эстафетада алтын медальді Оңтүстік Корея спортшылары иеленді. Ал күміс жүлде Қытай шорт-трекшілерінің еншісіне бұйырды.

    Қазіргі таңда Универсиадада Қазақстан 13 жүлде алып үлгерді (3 алтын, 4 күміс және 6 қола). Италияның Турин қаласында өтіп жатқан жарыстар 26 қаңтарға дейін созылады.

    Универсиада-2025: Қазақстандық шорт-трекшілер ел қоржынына медаль салды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.