jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Есімі қайта жаңғырады": Астанада тұңғыш рет Мұстафа Өзтүрік атындағы жүлде өткізілді

    Марина Севостьянова мен Рита Бакишева
    Марина Севостьянова мен Рита Бакишева. Фото: Ақырыс Сейітқазы

    Қазақстан WT таеквондо федерациясы 2024 жылы үздік нәтиже көрсеткен спортшылар мен бапкерлерді марапаттау мақсатында тұңғыш рет Мұстафа Өзтүрік жүлдесін өткізді, деп жазады журналист Ақырыс Сейтқазыға сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    "Астана төрінде өткен іс-шараға таеквондо спортына үлес қосқан отандық мамандар түгел жиналды. Федерация президенті Құдырет Шамиевтің айтуынша, бұл жиын спортшыларға үлкен мотивация беретін дәстүрлі іс-шараға айналмақ.

    "Қазір бізге үлкен сенім артылып отыр. Осындай сәтте біз тартынсақ, ұят болады. Таеквондо спортында ғана емес, еліміздің тарихында өшпес із қалдырған Мұстафа Өзтүрік есімі қайта жаңғырады. Былтыр Өзтүріктің мерейтойы өтті. Алайда, біз қыркүйек айында ғана келгендіктен, аз уақыттың ішінде дайындалып үлгермедік. Алдағы уақытта біз бұл датаны міндетті түрде атап өтеміз. Ал команда мүшелеріне, спортшылар мен бапкерлерге қажырлы еңбек, сәттілік тілеймін", - деді Қазақстан WT таеквондо федерациясының президенті Құдырет Шамиев.

    Мұстафа Өзтүрік жүлдесі төмендегі спортшылар, төрешілер мен бапкерлерге табыс етілді:

    Ұлттық құрама: Марья Севостьянова, Рита Бакишева, Самирхон Абабакиров, Батырхан Төлеуғали;

    Жасөспірімдер командасы: Нұрали Махмұд, Нұрай Қазынабек, Теміржан Тасқын, Аяулым Сапаралиева, Бекет Болатұлы, Айсұлу Жаңабай, Аятжан Әмірханов;

    Пара таеквондодан ұлттық құрама: Нұрлан Домбаев, Камиля Досмалова, Милана Красавцева, Әлішер Гариполлаев, Мариям Сәлімгереева, Жанболат Қазиев, Абзал Ахметкерей, Карен Овсепян;

    Сурдо таеквондодан ұлттық құрама: Диас Рысбеков, Айжамол Әбдіқатова;

    Үздік бапкерлер: Есбол Сұлтанов, Нұржан Есілбаев, Нұрболат Жаңбыров, Жалғас Бекқасымов;

    Үздік төрешілер: Дәурен Алғабаев, Руслан Бакиев, Малика Жандаева, Айдана Махимова.

    "Есімі қайта жаңғырады": Астанада тұңғыш рет Мұстафа Өзтүрік атындағы жүлде өткізілді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.