Спорт

Зектілері

Азиада-2025: конькиші Евгений Кошкин Қазақстан қоржынына екінші күмісті салды (фото, видео)

Жарияланған күні:

Читать на русском
Евгений Кошкин
Евгений Кошкин өзге жеңімпаздармен бірге. Фото: Сали Сабиров / Туризм жəне спорт министрлігі

Қазақстандық конькиші Евгений Кошкин Қытайдың Харбин қаласында өтіп жатқан 2025 жылғы қысқы Азия ойындарында жеңіс тұғырына көтерілді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл спорт түрінен алғашқы медальдар жинағы ерлер арасында 100 метр қашықтықта сарапқа салынды.

Кошкин көрсеткен нәтиже — 9,47 секунд, бұл бұған дейінгі Азия рекордынан жоғары көрсеткіш. Дегенмен қазақстандықты қытайлық Гао Тинъюй (9,35) басып озып, чемпион атанды. Қола жүлдені оңтүстіккореялық Ким Джун Хо (9,62) жеңіп алды.

Евгений Кошкин
Евгений Кошкин. Фото: Сали Сабиров/Ұлттық олимпиадалық комитет

Қазақстандық Алтай Жәрдембекұлы жеңіс тұғырына сәл ғана жете алмады, ол төртінші (9,64) болып келді. Артур Галиев 12 (9,93), Никита Важенин – 15 (10,01)-орынға жайғасты.

Еске салсақ, бұған дейін Қазақстан құрамасы 2025 жылғы Азия ойындарындағы алғашқы медальға қол жеткізген болатын. Шорт-тректен аралас ұлттық құрама 2025 жылғы қысқы Азия ойындарында күміс медаль иеленді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2218985-aziada-2025-konkishi-evgenii-koshkin-qazaqstan-qorzhynyna-ekinshi-kumis-saldy/