jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    Азиадаға Қытайдың атынан қатысқан қазақ қызы алтын медальға қол жеткізді

    Баян Жалынқызы
    Баян Жалынқызы. Фото: "Шыңжаң" газеті

    Қытай құрамасының атынан өнер көрсеткен этникалық қазақ Баян Жалынқызы Харбинде өтіп жатқан қысқы Азия ойындарында шаңғы жарысынан (5 км, еркін стиль) бірінші орын алды, деп хабарлайды "Бірінші бол".

    Баян Жалынқызы Қытайдың Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданына қарасты Алтай округінің Жеменей ауданында дүниеге келген. Бұл өңір қыстық спорт түрлерімен және этникалық қазақтардың көп шоғырлануымен танымал.

    Айта кетейік, бұған дейін Қытай құрамасындағы этникалық қазақ Самғар Серік Азиа ойындарында шаңғы спортының спринт бағдарламасында қола жүлдегер атанған. Ол мәре сызығын төртінші болып кескенімен, екінші келген жапон шаңғышысы жарыстан шеттетілді.

    Еске салсақ, бүгін 2025 жылғы қысқы Азия ойындарында (Харбин, Қытай) шорт-тректен ерлер командасы алғашқы алтынды ел қоржынына салды.

    Азиадаға Қытайдың атынан қатысқан қазақ қызы алтын медальға қол жеткізді

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.