jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Тарихи жүлде: Ербол Хамитов пара биатлоннан әлем чемпионы атанды (фото, видео)

    Ербол Хамитов
    Ербол Хамитов. Фото: Турзим және спорт министрлігі

    Ербол Хамитов пара биатлоннан әлем чемпионы атанды. Қазақстан әлемдік додада пара биатлоннан алғаш рет алтын медальға қол жеткізіп отыр, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ Спор комитетіне сілтеме жасап.

    Пара биатлоннан әлем чемпионаты Словенияның Поклюка қаласында 4-9 ақпан аралығында өтті.

    27 жастағы Петропавл тумасы Ербол Хамитов жекелей жарыста 12.5 км қашықтықты 35:29.01 уақыт аралығында игеріп, әлем чемпионы атанды.

    Күміс медаль канадалық Дерек Заплатонскийке (35:36:3 ), ал қола жүлде америкалық Аарон Пайкке (35:37:8) бұйырды. Тағы бір қазақстандық спортшы Сергей Усольцев осы қашықтыққа жарыста 13-орыннан көрінді.

    Айта кетейік, Словениядағы әлем чемпионатында бұған дейін Ербол Хамитов 7,5 қашықтыққа жарыста қола жүлдегер атанған болатын.

    Ал 2023 жылы Ербол Хамитов пара шаңғы жарысынан әлем чемпионы болған еді. Сондай-ақ ол 2022 жылғы Бейжіңдегі Қысқы Паралимпиада ойындарының қатысқан.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.