jitsu gif
Спорт

    Елордалық бастауыш сынып мұғалімі пауэрлифтингтен әлем чемпионатында екі алтын медаль иеленді

    Айгүл Ержанова
    Айгүл Ержанова. Фото: Астана қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

    Мысыр астанасы Каир қаласында өткен пауэрлифтингтен ашық әлем чемпионатында астаналық бастауыш сынып мұғалімі екі алтын медаль алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ елорда әкімдігінің ресми сайтына сілтеме жасап.

    Айгүл Ержанова – Райымбек батыр атындағы №50 "Қазғарыш" мектеп-лицейінің бастауыш сынып мұғалімі. 20-ға жуық мемлекеттен келген әйелдер ішінен 54 жастағы ұстаз жасының үлкендігіне қарамастан ел намысын қорғап 100 кг ауыр зілтемірді көтеріп, рекордтық көрсеткішті бағындырды.

    Айгүл Тұрғанбайқызы спорттың бұл түріне 52 жасында келген. Бір жарым жыл ішінде ауыр атлетиканы меңгеріп, бұған дейінде бірнеше мәрте әлем чемпионы атанған.

    "Қазақстан бұл жарысқа бірінші рет қатысып отырғандықтан, бастапқыда мені Қытайдан келген қатысушы деп ойлады. Алайда рекордық көрсеткіш көрсеткенімде Қазақстаннан келгенімді біліп, барлығы қошемет көрсетті", - дейді Айгүл Тұрғамбайқызы.

    Өткен жылы мемлекет басшысының қолынан білім саласына айтарлықтай үлес қосқаны үшін "Қазақстанның еңбек сіңірген ұстазы" атағын алған Айгүл Тұрғанбайқызы ата-аналары мен оқушыларына білім мен қатар спортты да меңгеріп, адам бойында жатқан жаңа қырларды кез келген жаста ашуға, әлемді бағындыруға болатынын көрсеткісі келетін айтады.

    Айта кетейік, алдағы уақытта спортшы ұстаз Африкада өтетін жарыста ел намысын қорғайды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.