RU
Спорт
Сақтаулылар
Мұнда әзірше бос
Жарияланым парақшасында «
» батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.

Зектілері

Қазақстандық велошабандоз Азия чемпионатында медальға қол жеткізді

Жарияланған күні:

Кирилл Курдиди
Кирилл Курдиди. Фото: : JONATHAN NACKSTRAND/AFP via Getty Images

Қазақстандық спортшы Кирилл Курдиди Малайзияда өтіп жатқан 2025 жылғы Азия чемпионатында қола медаль алды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

Спортшы додада 1000 метрлік арақашықтықты 1 минут 0,666 секундта еңсерген. Осылайша бұл нәтижемен ол үшінші орын алып, қола алды. Бірінші орынды жапониялық спортшы Рюто Итида (1:00,057) алса, екінші орынға Қытай елінен келген Ци Лю (1:00,164) табан тіреді. Азия чемпионатында бұл қазақстандықтардың екінші медалі.

Малайзиядағы турнир 27 ақпанға дейін жалғасады.

Бұған дейін Малайзияның Нилай қаласында өтіп жатқан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы қола медаль жеңіп алғанын жазған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2223410-qazaqstandyq-veloshabandoz-aziia-chempionatynda-medalga-qol-zhetkizdi/

Жарияланымға реакцияңыз?

Пікірлер жүктелуде

jitsu gif