jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Атыраулық әкесі мен ұлы Таиландта грэпплингтен өткен чемпионатта топ жарды (фото)

    Жеңіс Қайранов ортада
    Жеңіс Қайранов ортада. Фото: Бейнеу ауданының әкімдігі

    Атырау облысы Бейнеу ауданының тұрғындары – әкесі мен ұлы Таиландта грэпплингтен өткен Азия чемпионатынан жеңіспен оралды. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Бейнеу ауданы әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Әкімдіктің мәліметінше, 22-23 ақпан күндері Таиланд астанасы Бангкокта AIGA ASIAN CHAMPIONSHIP 2025 турнирі өткен. Азияның түрлі елдерінен келген мықты спортшылар сынға түскен турнирде қазақстандық спортшылар да өнер көрсеткен.

    Бұл турнирде Бейнеу ауданының атағын асқақтатып жүрген спортшылар – Жеңіс Қайранов пен ұлы Еркебұлан Исламғали топ жарған.

    Еркебұлан Исламғали 55 килограмм салмақта (15-17 жас аралығын) чемпион болса, әкесі Жеңіс Қайранов, 20 жастан жоғары 60 килограмм салмақта бірінші орынды иеленіп, өзінің тәжірибесі мен шеберлігін дәлелдеген.

    "Жеңіс Қайранов пен Еркебұлан Исламғали – грепплинг тарихындағы іздерін қалдыратын спортшылар, олардың жеңістері жетістік қана емес, отбасылық құндылықтарға негізделген еңбек пен қолдаудың жемісі", - делінген әкімідік хабарласынмада.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.