
Қазақстан таэквондо федерациясына жаңаұл бас хатшы тағайындалды. Бұдан былай бұл қызметті Арал Садықов атқаратын болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.
Бұл туралы Pro_kadry.kz Instagram-парақшасында хабарланды.
"Қазақстан таэквондо федерациясының бас хатшысы болып Арал Садықов тағайындалды", - делінген хабарламада.
Айта кету керек, бұған дейін Садықов Таэквондо федерациясының вице-президенті қызметін атқарған.
Еске салсақ, бұған дейін "Қазақстан барысы" турнирінің алғашқы жеңімпазы Ұлан Рысқұл басшылық қызметке тағайындалғанын жазған едік. Жетісу облысы әкімінің өкімімен Ұлан Ғалымұлы Рысқұл Жетісу облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы болып тағайындалды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2226135-taekvando-federatsiiasyna-bas-hatshy-tagaiyndaldy/
Пікірлер жүктелуде