
Мөлдір Жаңбырбай Ханчжоудағы премьер-лига бәсекесінің күміс жүлдегері атанды, деп хабарлайды Спорт комитетінің Telegram-дағы ресми арнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.
Отандастарымыз ақтық сында Алжир спортшысы Силия Уикенмен тең түсіп (8-8), SENSHU арқылы (алғашқы ұпай алған спортшы) жеңіске жеткен.
Еске сала кетейік, Мөлдір биыл қаңтарда өткен жылдың алғашқы премьер-лига турнирінде қола медаль жеңіп алған.
Айта кету керек, Мөлдір Жаңбырбай 2023 жылы әлем біріншілігінде топ жарып, каратэден қазақтан шыққан тұңғыш әлем чемпионы атанған еді. Сонымен бірге ол Ханчжоуда (Қытай) өткен жазғы Азия ойындарында күміс медаль жеңіп алды. Ал 2024 жылы әр салмақ дәрежесінде үздік спортшыларға берілетін Grand Winner марапатына ие болды.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/sport/other-sports/2228394-moldir-zhangbyrbai-hanchzhoudagy-premer-liga-basekesinde-el-qorzhynyna-kumis-saldy/
Пікірлер жүктелуде