jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Қазақстандық спортшы фристайл-могулдан әлем чемпионатының қола жүлдегері атанды (видео)

    Фристайлшы Анастасия Городко
    Фристайлшы Анастасия Городко. Фото: Matthias Hangst/Getty Images

    Анастасия Городко фристайл-могулдан әлем чемпионатының қола жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлайды Туризм және спорт министрлігіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

    Фристайл-могулдан ұлттық құрама спортшысы Анастасия Городко Швейцарияның Санкт-Мориц қаласында өтіп жатқан фристайлдан әлем чемпионатында үздік үштікті түйіндеді.

    Анастасия параллель-могул сайысындағы кіші финалда АҚШ спортшысынан басым түсіп, қола медальға ие болды.

    Айта кетейік, бұған дейін Анастасия Городко Канаданың Вал-Сент-Ком курортында өткен әлем кубогы кезеңінде күміс жүлдегер атанған еді.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.