jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Кенесхан
    Айтолқын Кенесхан
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Денис Теннен кейін алғаш рет": Михаил Шайдоров әлем чемпионатында күміс медаль алды

    Михаил Шайдоров
    Михаил Шайдоров. Фото: Сали Сабиров/Ұлттық олимпиадалық комитет

    Михаил Шайдоров мәнерлеп сырғанаудан АҚШ-тың Бостон қаласында өткен әлем чемпионатында күміс медаль алып, 2026 жылғы Олимпиадаға қатысу мүмкіндігіне ие болды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ.

    Қысқа бағдарламада Шайдоров үшінші орында болған, алайда еркін бағдарламада 192,70 ұпай жинап (жеке рекорд), жалпы есепте 287,47 ұпаймен екінші орынға көтерілді.

    Алтын медальді америкалық Илья Малинин (318,56 ұпай) жеңіп алды, ал жапон спортшысы Юма Кагияма (278,19 ұпай) үздік үштікке енді.

    Еске салсақ, қазақстандық мәнерлеп сырғанаушы Михаил Шайдоров 2025 жылғы қысқы Азия ойындарында ерлер арасында жеке сырғанаудан жүлделі орынға ие болған еді. Ол ел қоржынына қола медаль салған.

    "Денис Теннен кейін алғаш рет": Михаил Шайдоров әлем чемпионатында күміс медаль алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.