jitsu gif branding logo appbranding logo app
Спорт

    Қазақстандық гимнаст Милад Карими Хорватиядағы Әлем кубогы кезеңінде жеңіске жетті

    Милад Карими
    Милад Карими. Фото: Сали Сабиров /ҚР Ұлттық Олимпиада комитеті

    Cпорттық гимнастикадан Қазақстан құрамасының өкілі Милад Карими Хорватияның Осиек қаласында өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде жеңіске жетті. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ Ұлттық олимпиадалық комитеттің баспасөз қызметіне сілтеме жасап хабарлайды.

    Қазақстандық гимнаст кермедегі жаттығу бағдарламасының финалында қарсыластарына дес бермеді.

    Карими төрешілердің шешімімен 14.666 ұпай жинады. Осылайша Милад бұл Әлем кубогының кезеңінде екінші жүлдесіне қол жеткізді. Ол бұған дейін еркін жаттығуларда үшінші орын иеленген еді.

    Финалда екінші орынды Израиль спортшысы Александр Мякинин (14.433), ал қытайлық Чени Се (14.300) үшінші нәтиже көрсетті.

    Айта кетейік, Осиекте өткен жарыста Қазақстан құрамасы үш жүлде жеңіп алды. Каримиден бөлек Нариман Құрбанов та жүлдегер атанып, ат снарядында өткен жаттығуларда қола медаль жеңіп алды.

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.