jitsu gif
    Бізбен бірге қатарынан болған күндеріңіз
    Айтолқын Адырбай
    Айтолқын Адырбай
    Қазақ редакциясының шеф-редакторы

    "Екі дүркін чемпион": Дохадағы әлем кубогы кезеңінде Милад Карими тағы бір алтын алды

    Милад Карими
    Милад Карими. Фото: ҰОК

    Қазақстандық гимнаст Милад Карими Дохада (Қатар) өтіп жатқан Әлем кубогының кезеңінде екінші алтын медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Olympic.kz.

    Ол 19 сәуірде кермедегі жаттығулар бағдарламасының финалында топ жарды.

    Ақтық сында Карими төрешілердің шешімімен 14.500 ұпай жинады. Тайбэйлік Чиа Хун Тан 14.400 ұпаймен екінші орынды иеленсе, қытайлық Ци Тан 14.000 ұпай жинап, үздік үштікті түйіндеді.

    Осылайша, Милад Әлем кубогының кезеңін екі алтын медальмен аяқтады. Бұған дейін ол еркін жаттығулар бағдарламасының финалында жеңіске жеткен болатын.

    Айта кетейік, Қазақстан құрамасы бұл жарысты төрт медальмен аяқтады. Финалдың алғашқы күнінде Нариман Құрбанов ат снарядындағы жаттығуда үшінші орын алса, Алтынхан Темірбек еркін жаттығуларда екінші орын иеленді.

    Айта кету керек, бұл Милад Каримидің спорттық гимнастикадан Қатар астанасы Дохада өтіп жатқан әлем кубогы кезеңіндегі екінші алтыны. Бұған дейін ол 18 сәуірдегі жарыста чемпион атанған. Еркін жаттығу бойынша финалда қазақстандық гимнаст өз шеберлігін таныта білді. Сөйтіп төрешілер шешімімен 14.466 ұпай жинаған Милад Карими алтыннан алқа тақты. Тағы бір қазақстандық Алтынхан Темірбек күміс жүлдеге ие болған еді.

    "Екі дүркін чемпион": Дохадағы әлем кубогы кезеңінде Милад Карими тағы бір алтын алды

    Барлығын бірінші болып біліп отырыңыз

    Бізге жазылып, Қазақстанның өзекті жаңалықтарынан, қызықты суреттер, видеолар мен эксклюзивтерден хабардар болыңыз.

    Instagram
    Сақтаулылар
    Мұнда әзірше бос
    Жарияланым парақшасында «
    » батырмасын қолданып, оны сақтаулылар тізіміне қосыңыз.